Ақмола футбол мектебінің түлегі. Қазақ агротехникалық университетін (Астана) және Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін бітірген.
2013 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасында түрлі лауазымдарда еңбек етті. Футбол қауымдастықтары қызметкерлеріне арналған УЕФА медиа-семинарларының қатысушысы (Нидерланд, Швейцария).
2024 жылы Ақмола облыстық футбол қауымдастығы атынан Қазақстан футбол федерациясы президенті сайлауына түсті.
BSC «Ярышъ» ойыншысы ретінде Қазақстан чемпионы және ел Кубогының күміс жүлдегері. Өз медиа-командасының басшысы және ойнаушы бапкері.
2015 жылдан бастап QAZSPORT және «Хабар» телеарналарымен ынтымақтасады. ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚФФ және Metaratings Top Awards нұсқалары бойынша үш дүркін Қазақстанның үздік спорт журналисі. «Тараз» ФК директорының кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.
Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген.
Қош келдіңіз!🙌🏻












