Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Оқжетпес футбол клубы баршаңызды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл – еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға деген құрметтің белгісі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! https://www.instagram.com/p/DJV1iAHzkhI/

Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті достар,қымбатты жанкүйерлер! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Береке мен бірлікке бастар бұл мейрам – татулық пен тұтастықтың жарқын көрінісі. Бірлігіміз берік, болашағымыз нұрлы болсын! Ізгі тілекпен, «Оқжетпес» футбол клубы

Сіздерді Қазақстан футболы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

⚽️Құрметті жанкүйерлер, достар және футбол сүйер қауым! Сіздерді Қазақстан футболы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке — бәріміздің ортақ құштарлығымыздың, адалдығымыздың және футболға деген сүйіспеншілігіміздің символы. Қазақстан футболы дамып, өсіп-өркендеп, бүкіл елдің жүрегін біріктіре берсін! Жарқын матчтар, үлкен жеңістер мен ұмытылмас сәттер тілейміз!   https://www.instagram.com/p/DI3yIsqTGzp/

Оқжетпес 1957 футбол клубы