FC Okzhetpes U12 Хорватияда өтетін Dalmatinko Cup 2025 турниріне жолға шықты!
2025 жылдың 29 мамыры мен 1 маусымы аралығында Хорватияның Задар қаласында Dalmatinko Cup халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнир Еуропадағы жасөспірімдер футболына арналған ең ауқымды жарыстардың бірі болып саналады.
Биылғы турнирге Қазақстан атынан FC Okzhetpes U12 командасы қатысады. Бұл — еліміз үшін үлкен жетістік әрі мақтаныш. Жас футболшылар халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, 20 елден келген жас әрі мықты футболшылармен бақ сынасады.
Топтық кезеңде Fc Okzhetpes U12 Хорватияның «Lokomotiva», «Jardan LP» және Польшаның «Gornik Zabrze» командаларымен кездеседі.
FC Okzhetpes командасына сәттілік тілейміз! Жас футболшыларымыздан жеңіс күтеміз!













