Ресми мәлімдеме

«Оқжетпес» футбол клубы «Оқжетпес» атауын пайдаланатын футзал командаларының «Оқжетпес» ФК құрылымына кірмейтінін және клубпен ұйымдық, әкімшілік немесе заңды байланысы жоқ екенін хабарлайды.

Осыған байланысты аталған футзал командаларының қызметі туралы ақпаратты дайындау және жариялау кезінде осы жайтты ескеруді және олардың қызметін «Оқжетпес» ФК қызметімен байланыстырмауды сұраймыз.

Сонымен қатар, «Оқжетпес» ФК Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының спорттық намысын қорғап жүрген әріптестерімізге спорттық жетістіктер тілейді.

Түсіністік танытып, спорт ұйымдарының қызметін дұрыс әрі нақты ақпараттандыруға жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Оқжетпес 1957 футбол клубы