🐎МАУСЫМ ҮШІН РАХМЕТ, КОМАНДА!

«Оқжетпес» QJ League B турниріндегі 2026 жылғы футбол маусымын аяқтады.

Маусым қорытындысы бойынша команда турнирлік кестеде 5-орынға жайғасты.

Бұл маусым — алаңдағы тартысқа, жеңістер мен сәтсіздіктерге, маңызды ойындар мен бағалы тәжірибеге толы болды. Әр матчта команда өз мінезін көрсетіп, соңына дейін күресті.

Осы маусымда бар күшін салып, команданың намысын қорғаған футболшыларға, жаттықтырушылар штабына және барлық қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтамыз! 🤝

Бұл — үлкен жолдың тағы бір кезеңі. Алда жаңа мақсаттар, жаңа ойындар және жаңа жеңістер бар!
Келесі маусымда кездескенше!

Оқжетпес 1957 футбол клубы