«Оқжетпес» футбол клубы, стадионда жүгіру жолақтарын ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Чемпионатының 13-ші және 15-ші турларындағы «Ордабасы» және «Қайсар» командаларымен өтетін үйдегі матчтар нейтралды алаңда — Шымкент қаласында өтетін хабарлайды.
Сонымен қатар, клуб жоспарланған мерзімде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдейді. Егер реконструкция уақытында аяқталса, 17-ші турдағы «Ұлытау» футбол клубына қарсы өтетін үй матчы Көкшетауда өткізілуі жоспарлануда.
«Оқжетпес» футбол клубы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және барлық жанкүйерлерге түсіністік, шыдамдылық және үнемі қолдау үшін алғыс айтады.













