Бүгін «Оқжетпес» футбол клубының сонымен қатар олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері клубының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында Қазақстанның қазіргі конституциялық моделі, билік, қоғам және заң, сондай-ақ азаматтардың конституциялық өзгерістерді іске асырудағы рөлі талқыланды. Қызметкерлерге конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы түсіндіріліп, негізгі өзгерістерді атап өтілді. Елдің болашағы — біздің қолымызда, оның дамуы мен өркендеуі үшін әрбір азаматтың үлесі маңызды.
















