«Оқжетпес» өкілдері Спорт күніне орай марапатталды

«Болашақ» сарайында Спорт күніне арналған салтанатты рәсім өтті. Оған облыс және қала басшылығы, сондай-ақ спорт қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақмола өңірінің спортшыларына, спорт саласының қайраткерлеріне, жаттықтырушылар мен ардагерлерге құрмет медальдары мен алғыс хаттар табыстады.

Ерекше атап өтетін жайт — «Оқжетпес» ФК бас бапкері Ринат Алюетов пен футбол орталығының жетекшісі Виктор Семенов өңір басшысының қолынан марапаттарға ие болды.Сондай-ақ Марат Ахметжанов футболшылар Жансұлтан Мұхамеджанов пен Бексұлтан Сәрсембаевқа Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде білім алуға арналған сертификат-гранттарын табыстады.

Оқжетпес 1957 футбол клубы