Квасова Эльвина — Қазақстан құрамасында!

«Оқжетпес» футбол клубының әйелдер командасының ойыншысы Квасова Эльвина Қазақстанның әйелдер құрамасы U-19 сапына шақырту алды.

Эльвина ұлттық құрамамен бірге 2027 жылғы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 1-раундына дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиынына және іріктеу матчтарына қатысады.

Оқу-жаттығу жиыны 27 қыркүйек пен 14 қазан аралығында Алматы қаласында және Мальтада өтеді.

Эльвинаға сәттілік тілейміз! Ұлттық құрама сапында «Оқжетпестің» және Ақмола облысының намысын абыроймен қорға! 🇰🇿💙

Алға, Эля!

Оқжетпес 1957 футбол клубы