«Оқжетпес жастар» командасы Қазақстан Екінші лигасының «Солтүстік-Шығыс» аймағында 3-орынға ие болып, маусымды қола жүлдемен аяқтады!🥉
Бұл нәтиже — ойыншыларымыздың табанды еңбегі, алаңдағы күресі мен жеңіске деген жігерінің жемісі. Маусым бойы команда намысты қолдан бермей, жанкүйерлерге тартысты ойындар мен жарқын сәттер сыйлады.
Команда ойыншыларына, жаттықтырушылар штабына және клубтың жетістігіне үлес қосқан барша жанға алғыс айтамыз! Бізбен бірге болған жанкүйерлерімізге де ерекше рақмет!













