Астанада Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен «Батыр жолы» ұлттық футбол конференциясы өтті.
Конференция барысында Қазақстан футболын дамытудың бірыңғай бағыты, ұлттық ойын моделі және жаңа әдістемелік стандарттар таныстырылды.
Ауқымды жиынға «Оқжетпес» ФК атынан спорт директоры Айдын Социалов, бас бапкердің көмекшісі Денис Мамонов, «Оқжетпес Жас» командасының бас бапкері Қайрат Белгібаев және «Оқжетпес Әйелдер» командасының бас бапкері Олег Любченко қатысты.
Мұндай іс-шаралар отандық футбол мамандарының өзара тәжірибе алмасуына, жаңа әдістемелерді меңгеруіне және Қазақстан футболының ортақ даму бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді.













