«Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің отырысы аясында

«Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің отырысы аясында, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Қауымдастық президенті қызметіне кандидат ретінде ұсынылды. Талқылау және өткізілген дауыс беру қорытындысы бойынша Әнуар Күмпекеевтің кандидатурасы Қауымдастық мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тауып, ол «Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып сайланды. https://www.instagram.com/p/DSnP028jCEB/

Оқжетпес 1957 футбол клубы