Қош келдің, Гүлсая!

«Оқжетпес» әйелдер футбол клубы жартылай қорғаушы Гүлсая Сармановамен келісімшартқа қол қойды. 22 жастағы футболшы Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе», «Тобыл» және «Жетісу» клубтарының намысын қорғап, өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер ойыншы болып табылады. Гүлсаяға маусымда сәттілік, жарқын ойындар мен командамыз сапында үлкен жеңістер тілейміз! 💙

16-шілде командамыз жанкүйерлеріміздің қатысуымен ашық жаттығу өткізді.

12-ші ойыншыларымыз команданың жаттығу барысын жақыннан тамашалап, футболшылардың ойынға дайындығын өз көздерімен көрді. Кездесу соңында футболшыларымыз жанкүйерлермен естелік суретке түсіп, қолтаңба таратып, жылы жүздесті. Осындай сәттер команда мен жанкүйер арасындағы байланысты одан әрі нығайта түседі. Кездесуге келген барша жанкүйерге қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз!

Оқжетпес 1957 футбол клубы