РЕСМИ ХАБАРЛАМА: Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің шешімі Чемпионат Регламентінің нормаларының бұзылғаны анықталды.

РЕСМИ ХАБАРЛАМА
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің шешімі
Чемпионат Регламентінің нормаларының бұзылғаны анықталды.

«Оқжетпес» — «Жетісу» матчы бойынша
Регламенттің 6.56-тармағына сәйкес, бір тур аясында бір ойыншының әртүрлі клубтар сапында ойнауына тыйым салынады.

Осы талапқа қарамастан, футболшы Нұрбол Ануарбеков 2025 жылғы 9 мамырда «Жеңіс» клубы сапында «Қайратқа» қарсы 20-турдың кейінге қалдырылған матчына және 2025 жылғы 11 тамызда «Жетісу» клубы сапында «Оқжетпеске» қарсы 20-турдың матчыға қатысқан. Бұл — Регламенттің тікелей бұзылуы болып табылады.

Регламенттің 6.119-тармағына сәйкес, ойыншыларды матчқа қатыстыру жауапкершілігі клубтарға жүктеледі.

Комитеттің шешімі: көрсетілген матчтың нәтижесін жою және «Жетісу» клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тағайындау.

Соңғы жаңалықтар

Оқжетпес 1957 футбол клубы