РЕСМИ ХАБАРЛАМА
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің шешімі
Чемпионат Регламентінің нормаларының бұзылғаны анықталды.
«Оқжетпес» — «Жетісу» матчы бойынша
Регламенттің 6.56-тармағына сәйкес, бір тур аясында бір ойыншының әртүрлі клубтар сапында ойнауына тыйым салынады.
Осы талапқа қарамастан, футболшы Нұрбол Ануарбеков 2025 жылғы 9 мамырда «Жеңіс» клубы сапында «Қайратқа» қарсы 20-турдың кейінге қалдырылған матчына және 2025 жылғы 11 тамызда «Жетісу» клубы сапында «Оқжетпеске» қарсы 20-турдың матчыға қатысқан. Бұл — Регламенттің тікелей бұзылуы болып табылады.
Регламенттің 6.119-тармағына сәйкес, ойыншыларды матчқа қатыстыру жауапкершілігі клубтарға жүктеледі.
Комитеттің шешімі: көрсетілген матчтың нәтижесін жою және «Жетісу» клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тағайындау.













