«Оқжетпес» әйелдер футбол клубы жартылай қорғаушы Гүлсая Сармановамен келісімшартқа қол қойды.
22 жастағы футболшы Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе», «Тобыл» және «Жетісу» клубтарының намысын қорғап, өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер ойыншы болып табылады.
Гүлсаяға маусымда сәттілік, жарқын ойындар мен командамыз сапында үлкен жеңістер тілейміз! 💙












