🤝 Өкінішке орай, клубымыздың бас бапкері Андрей Ферапонтов отбасылық жағдайларға байланысты өз қызметінен кететінін хабарлаймыз.
Бұл шешім оның жеке жағдайларына байланысты қабылданды, және біз оны түсіністікпен қабылдаймыз әрі қолдаймыз.
Андрей Святославович клубымызға қосқан үлкен еңбегі, кәсібилігі және адалдығы үшін шексіз алғыс айтамыз. Оның клубта өткізген уақыты барысында ол айтарлықтай жұмыстар атқарып, «Оқжетпес» командасының жетістіктеріне елеулі үлес қосты. Біз оған және оның отбасына денсаулық, бақыт және барлық болашақ істерінде сәттілік тілейміз!
Команда өз жұмысын жалғастырады, және біз алдағы уақытта жаңа жеңістер мен жетістіктер күтеміз! Біздің жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін және бізге сенгендері үшін шексіз алғыс айтамыз. Жақын арада жағдайдың әрі қарай қалай дамитыны туралы хабарлайтын боламыз.













