5 қыркүйек күні Астанада Altyn Adam Awards спорттық маркетинг саласындағы марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқауда біздің қаламыздың екі клубы бірдей келесі номинациялар бойынша жоғары бағаға ие болды:
🏆 «Арлан» хоккей клубы «Ең үздік имидждік жарнамалық ролик» аталымында үздік деп танылды.
🏆 «Оқжетпес» футбол клубы «Ең үздік демеушілік интеграция» номинациясында марапатқа ие болды.
Екі команда – бір қала.
Бұл жеңістер Көкшетаудың тек спорт алаңында ғана емес, сонымен қатар спорттық маркетинг саласында да табысты бола алатынын дәлелдейді.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және спортты қолдап, оның имиджін дамытуға үлес қосып жүрген барша жанкүйерлерге алғыс айтамыз!













