«Оқжетпес» ФК-ның тәрбиеленушілері алғашқы кәсіби келісімшарттарына қол қойды

🔹«Оқжетпес» ФК-ның тәрбиеленушілері алғашқы кәсіби келісімшарттарына қол қойды. Өткен маусымда біздің жігіттер QJ League жасөспірімдер лигасында сәтті өнер көрсетіп, «Оқжетпес» 2009 құрамында B лигасының қола жүлдегерлері атанды. Енді Тамерлан Қалымжанов, Артём Шиманский, Есім Ерсат және Шульдайс Александр келесі маусымды «Оқжетпес» жастар командасында Қазақстан Республикасы Екінші лигасы командалары арасындағы чемпионатта өткізеді. Жігіттерге сәттілік пен жеңістер тілейміз!

 

Соңғы жаңалықтар

Оқжетпес 1957 футбол клубы