“Оқжетпес” футболшылары ұлттық құраманың кеңейтілген тізімінде
Тізімге жартылай қорғаушылар Дәурен Жұмат, Дамир Марат және шабуылшы Алияр Мұхамед қосылды.
9 маусымда ұлттық құрама Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі ойындары аясында “Астана Аренада” Солтүстік Македонияны қабылдайды. Ал, оған дейін Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу жоспарланған.
Жігіттерге сәттілік тілейміз!













