Әлеуметтік желілерде Премьер-Лиганың 18-туры аясындағы ойыннан кейін «Жетісу» ФК өкілдері стадион мүлкіне зиян келтірді деген ақпарат таралуда.
«Оқжетпес» футбол клубы қос тарап арасындағы барлық мәселе оң шешімін тапқанын хабарлайды. Қонақ команда келтірілген материалдық шығынды ең қысқа мерзімде өтейтін болады.
Жұртшылықтан, блогерлерден және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен жағдайдың ушығуына себеп болуы мүмкін материалдар мен пікірлерді жариялаудан бас тартуды сұраймыз.












