Тимур Досмағамбетов – «Оқжетпес» клубының ТОП-3 рекордшысы

36 жастағы қорғаушы Тимур Досмағамбетов Премьер-лигада Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы тарихындағы үздік үш рекордшының қатарына енді.

Көкшетау футболының түлегі Тимур Досмағамбетов Премьер-лигада алғаш рет 2008 жылғы 17 мамырда «Оқжетпес» – «Қайрат» (2:0) ойынында дебют жасаған.
Бүгінгі күнге дейін ол «Оқжетпес» сапында 109 матч өткізіп, 17 гол соқты.
Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында 367 матчқа қатысып, 46 голдың авторы атанды.

1992–2025 жылдар аралығындағы Қазақстан чемпионатындағы «Оқжетпес» клубының рекордшылары:
1. Евгений Захарченко – 144 матч;
2. Олег Фистикан – 111;
3. Тимур Досмағамбетов – 109; ⭐️
4. Серік Досманбетов – 107;
5. Юрий Дяк – 103.

Соңғы жаңалықтар

Оқжетпес 1957 футбол клубы