Серікжан Мужиков «Оқжетпес» ойыншысы!

Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы, жартылай қорғаушы Семейлік «Елімай» клубынан Көкшетаулық «Оқжетпес» қатарын толықтырғанын қуана хабарлаймыз! Қазақ футболынының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Серікжан Мужиковты ақ-көк түсті отбасыға қосылуымен құттықтай отыра, алдағы ойындарға сәттілік әрі жеңіс тілейміз!

Мейрамбек Қалмырза — «Оқжетпес» ойыншысы!

Мейрамбек Қалмырза — «Оқжетпес» ойыншысы! 22 жасар орталық жартылай қорғаушы «Тобыл» командасынан маусым соңына дейін жалға алынды. Мейрамбек Қалмырза 2022-2023 жылдар аралығында «Оқжетпес» сапында 45 ойын өткізді. Мейрамбекке тек сәттілік әрі жеңісті күндер тілейміз! Қайта оралуыңмен @kmeirambek.22 🙌🏻 https://www.instagram.com/p/DMK6v9Lo-kE/

Тимур Досмағамбетов – «Оқжетпес» клубының ТОП-3 рекордшысы

36 жастағы қорғаушы Тимур Досмағамбетов Премьер-лигада Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы тарихындағы үздік үш рекордшының қатарына енді. Көкшетау футболының түлегі Тимур Досмағамбетов Премьер-лигада алғаш рет 2008 жылғы 17 мамырда «Оқжетпес» – «Қайрат» (2:0) ойынында дебют жасаған. Бүгінгі күнге дейін ол «Оқжетпес» сапында 109 матч өткізіп, 17 гол соқты. Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында 367 матчқа қатысып, 46 голдың авторы […]

Оқжетпес 1957 футбол клубы