Командамыздың жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев келісімшарт уақыты аяқталғанына байланысты командамен қош айтысты

Командамыздың жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев келісімшарт уақыты аяқталғанына байланысты командамен қош айтысты. «Оқжетпес» сапында 12 ойын өткізіп, команданың жеңіске жетуіне өзіндік үлесін қосты. Аслан Қайратұлына ерекше алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тіліейміз! 🪄 Рахмет Маэстро!

Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов «Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері!

Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов «Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері! Қазақ футболының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тәжірибелі маман команда тізгінін ұстады. “Еврокубокке шығу — мақсатымыздың бірі болмақ. Ең аз дегенде турнирлік кестедегі орынды сақтап қалуымыз керек. Бұрынғы бас бапкер мен бапкерлік құрамның керемет нәтижесін сақтай отырып, алдағы өтетін матчтарда тек жеңіске жету басты міндет.” Сенім […]

Құрметті БАҚ өкілдері!

Қазақстан Премьер-Лигасының 15-тур аясында өтетін «Оқжетпес» — «Қайсар» ойынына журналистер мен фотографтар аккредитациядан өте алады. Барлық сұрақтар мен қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласыңыз: 📞 +7 700 266 1409 Сіздерді стадионда күтеміз! 🗓️06.07 / 20:30 🏟️Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион, Шымкент қаласы

Андрей Ферапонтов отбасылық жағдайларға байланысты өз қызметінен кететінін хабарлаймыз.

🤝 Өкінішке орай, клубымыздың бас бапкері Андрей Ферапонтов отбасылық жағдайларға байланысты өз қызметінен кететінін хабарлаймыз. Бұл шешім оның жеке жағдайларына байланысты қабылданды, және біз оны түсіністікпен қабылдаймыз әрі қолдаймыз. Андрей Святославович клубымызға қосқан үлкен еңбегі, кәсібилігі және адалдығы үшін шексіз алғыс айтамыз. Оның клубта өткізген уақыты барысында ол айтарлықтай жұмыстар атқарып, «Оқжетпес» командасының жетістіктеріне елеулі […]

«Оқжетпес «футбол клубы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы

«Оқжетпес» футбол клубы 30.06.2025 жылы директор М. А. Тілешевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында клуб ұжымымен «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес «футбол клубы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы»тақырыбында жұмыс кеңесі өткізілгенін хабарлайды

Өкінішке орай, Франьо Прце біздің команданы отбасылық жағдайларға байланысты өзара келісіммен тастап кетті.

Өкінішке орай, Франьо Прце біздің команданы отбасылық жағдайларға байланысты өзара келісіммен тастап кетті. Біз келісімшартты тоқтату туралы шешімге келдік. Франьо біздің командада маңызды рөл атқарды. Біз оған командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және кәсібилігі мен адалдығын жоғары бағалаймыз. Hvala Franjo 🫂

Футбол біріктіреді!

«Оқжетпес» ФК басшылығы Көкшетау және Щучинск қалаларының өрт қызметі бөлімшелері арасында өткен «FIREBALL» өрт футболы бойынша облыстық жарыстарға қатысты. Клубтың спорт директоры Азамат Ниязымбетов өрт сөндірушілердің Геро еңбегін қолдау және құрметтеу белгісі ретінде қатысушыларға фирмалық футболка мен футбол добын сыйлады. Өрт сөндірушілер біздің қауіпсіздігімізді күн сайын күзетеді, тіпті футбол алаңында да нағыз командалық рух пен […]

2025 жылғы 16-20 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы » Оқжетпес «футбол клубы» ШЖҚ МКК 2025 жылғы 16-20 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша «Оқжетпес» ФК қызметкері Д.К. Аязовқа келесі телефон нөмірлері […]

Оқжетпес 1957 футбол клубы